Accessibility links

Байқоңырдан "Союз ТМА-13М" ғарыш кемесі ұшырылды


Байқоңырдан ұшырылған "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі. Наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Байқоңырдан ұшырылған "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі. Наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Мамырдың 29-ына қараған түні Астана уақытымен сағат 01:57 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" ғарыш зымыраны ұшырылды.

"Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, зымыран Халықаралық ғарыш станциясына "Союз ТМА-13М" транспорттық ғарыш кемесін алып ұшқан.

Ғарыш кемесі ұшырылғаннан соң шамамен тоғыз минут өткенде Жер орбитасында зымыран тасығыштан ажыраған. Кеме экипажы құрамында "Роскосмос" ғарышкері Максим Сураев, НАСА астронавты Рида Вайзман мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Александр Герста бар.

16 мамыр күні Байқоңырдан ұшырылған "Бриз-М" блокты "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылғаннан 9 минут өткенде ақау шығып, орбитаға шыға алмай қалған еді. Зымыран қалдықтары жоғарғы атмосфера қабатында жанып кеткені хабарланған.

Ол зымыран ғарышқа құны 1 миллиард рубльден асатын "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигін шығаруы тиіс еді.
XS
SM
MD
LG