Accessibility links

Алматыда Еуразия одағына қарсылық білдірді


Республика алаңында тұрған полицей автобустары. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.
Республика алаңында тұрған полицей автобустары. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.
Алматыдағы орталық Республика алаңына бірнеше адам Еуразия экономикалық одағын құруға қарсылықтарын білдіріп шықты.

Таңертеңнен алаңдағы Тәуелсіздік монументі темір шарбақтармен қоршалып, бірақ кейін оны алып тастаған еді. Алаңға ішкі әскер сарбаздары екі автобуспен жеткізілген. Полиция одақтың құрылуына қарсылық ретінде беттеріне маска тағып келгендердің кейбірінің құжатын тексерді.

Бейсенбі күні Астанада полиция Бәйтерек кешені жанына Еуразия эономикалық одағына қарсылық білдіріп шыққан "Антигептил" қозғалысының он шақты белсендісі мен тағы ондаған адамды ұстап әкеткені хабарланған.

Бұл уақытта Астанада Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің саммиті өтіп жатыр. Үш елдің басшылары бүгін Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құру туралы келісімге қол қояды деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG