Accessibility links

Қазақстан мен Ресей АЭС меморандумына қол қойды


АЭС құбыры. (Көрнекі сурет)
АЭС құбыры. (Көрнекі сурет)
Мамырдың 29-ы күні Астанада ресейлік «Росатом» компаниясы мен Қазақстанның «Қазатомпром» ұлттық компаниясы Қазақстан аумағында атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша әріптестік орнатуға қатысты меморандумға қол қойды.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, құжатта қуаттылығы 300-ден 1200 мегаватқа дейін жететін АЭС салу жоспары бекітілген.

Қазақстанда АЭС салуды жақтаушылар да, оған қарсы азаматтар да бар. Бұған дейін азаматтық қоғам өкілдері билікке елде осы жайлы референдум өткізу туралы ұсыныс айтқан. АЭС салуды жақтаған ұлттық ядролық орталығы оған ең қолайлы аумақ ретінде бұрынғы Семей ядролық полигоны маңындағы Курчатов қаласын атаған. Орталық мамандары мұның себебін "Шығыс Қазақстандағы энергия тапшылығымен" түсіндірген еді.

Мамырдың 29-ы күні Ресей мен Қазақстан тарабы Қазақстандағы уран кен орындарын (Қорасан-1, Ақдала, Оңтүстік Іңкәй) дамытуға қатысты жол картасына да қол қойған. Ол құжатқа қарағанда, жер қойнауын пайдалануға қатысты қосымша келісім-шарттарға 2014 жылдың 28 қазанына дейін қол қойылып бітуі тиіс.
XS
SM
MD
LG