Accessibility links

Сенат қылмыстық кодекс жобасын мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты бүгін, 30 мамырда бірінші оқылымында Қылмыстық кодекс жобасын мақұлдады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеті жаңа жоба бойынша экстремизм мен терроризм қылмыстарына қолданылатын жаза күшейтіліп, радикалдық идеологияның таралуына ықпал ететін іс-әрекеттерді криминализациялау қарастырылған.

Сенатта кодекс жобасын таныстырған бас прокурордың орынбасары Иоганн Меркель жобада "қылмыс" және "қылмысқа жақын іс-әрекет" деп аталатын екі жүйе бойынша жауапкершілікке тарту енгізілгенін айтады. Оның сөзінше, "қылмысқа жақын іс-әрекет" жасағаны үшін айыптыны жеңіл қоғамдық жұмысқа тарту сияқты жазаға тарту қарастырылған.

Қазақстандық кейбір құқық қорғаушылар бұдан бұрын қылмыстық кодекстің адам құқықтарына қатысты тұстарының күшейтілгенін айтқан еді. Құқық қорғаушы Айна Шорманбаева кодексте қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың қызметіне сын айту немесе бақылау жасауын азайту, "жалған ақпарат таратқаны" үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG