Accessibility links

"Газпром" Украинаның қарызын қайтару мерзімін ұзартты


"Газпром" компаниясы басшысы Алексей Миллер (сол жақта) мен Украина энергетика министір Юрий Продан (оң жақта). Берлин, 26 мамыр 2014 жыл.
"Газпром" компаниясы басшысы Алексей Миллер (сол жақта) мен Украина энергетика министір Юрий Продан (оң жақта). Берлин, 26 мамыр 2014 жыл.
Ресейдің "Газпром" компаниясы Украинаның тұтынған газы үшін қарызының қалғанын төлеу мерзімін 3 маусымнан 9 маусымға дейін ұзартты.

30 мамыр күні Украина билігі "Газпромға" қарызының 800 миллион АҚШ долларына жуығын аударған. Украина Ресейге тұтынған газы үшін жалпы сомасы 2.2 миллиард АҚШ доллары қарыз болатын.

"Газпром" таратқан мәлімдемесінде компания басшысы Алексей Миллер: "Біз Украинаның қарызын өтей бастағанын құптаймыз және мамыр айы үшін төленуі тиіс қарызды төлеу мерзімін 9 маусымға дейін ұзартамыз" деген.

Бүгін, 2 маусым күні Брюссельде Ресей, Украина және Еуропа Одағының газ мәселесі бойынша үш жақты келіссөздерінің төртінші кезеңі өтеді.

Еуропа Одағының энергетика жөніндегі комиссары Гюнтер Эттингер келіссөздерде біршама жетістікке қол жеткізілуі мүмкін екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG