Accessibility links

Украина: Әскери операциялардан 181 адам мерт болды


Украина бас прокурорының міндетін атқарушы Олег Махницкий.
Украина бас прокурорының міндетін атқарушы Олег Махницкий.
Украинаның шығысында жүріп жатқан әскери операциялардан 181 адам қаза тауып, 293 адам жараланды деп хабарлады бас прокуратураның міндетін атқарушы Олег Махницкий. Қаза тапқандардың 59-ы - әскерилер.

Махницкийдің сөзінше, қаза болғандар туралы деректер Донецк және Луганск облыстарынан алынған, құрбандар "террористік әрекеттердің" салдарынан қаза тапқан. Сепаратистер мен бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қаза болғаны туралы дерек жоқ.

Бұған дейін Украина билігі мен өзін-өзі жариялаған "халық республикаларының" өкілдері қаза тапқандар туралы әртүрлі дерек келтірген еді. Славянскінің өзін-өзі жариялаған "мэрі" Вячеслав Пономарев украин әскерилері 650 адамынан айырылды деген. Ал Киев Донецк әуежайына шабуылдаған ұрыста 200 сепаратистің көзі жойылғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG