Accessibility links

Сирия президенті сайлауы түнге дейін жалғасты


Дауыс беруге барған сириялықтар. Дамаск, 3 маусым 2014 жыл.
Дауыс беруге барған сириялықтар. Дамаск, 3 маусым 2014 жыл.
Сирияда 3 маусым күні президент сайлауына дауыс беру мерзімі түн ортасына дейін ұзартылды. Сайлау комиссиясы мемлекеттік телеарнадан мұны сайлаушылар "белсенділігінің жоғарылығымен" түсіндіреді.

Сайлау Сирияда жүріп жатқан азамат соғысына қарамастан өткізіліп отыр. Соғыста 160 мыңнан астам адам құрбан болып, миллиондаған адам баспанасынан айырылды.

Сирия билігін сынайтындар тек үкімет күштерінің бақылауындағы аймақтарда ғана ұйымдастырылған дауыс беруді "фарс" деп атады.

Сайлауда қазіргі президент Башар Асадтың жеңіске жететіні белгілі болып тұр. Оған қарсылас екі үміткер мүлдем беймәлім адамдар. Сөз жүзінде бұл сайлау - Сирияда соңғы елу жыл көлемінде өткізіліп отырған алғашқы президент сайлауы болып отыр. Себебі бұған дейін Башар Асад әкесі Хафез Асад сияқты референдумдарда өкілеттігін ұзартып келген.
XS
SM
MD
LG