Accessibility links

Қазақстан мен Венгрия қылмыскерлерді қайтаруға келісті


Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев.
Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев.
Қазақстан мен Венгрия қылмыскерлер мен сотталған тұтқындарды беру туралы келісім жасасты деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 3 маусым күні Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған үкімет делегациясының Венгрияға сапары барысында бас прокурор Асхат Дауылбаев осы елдің әділет министрі Роберт Репашимен және Петер Полтпен кездескен.

Кездесуде Дауылбаев пен Репаши Қазақстан және Венгрия арасында қылмыскерлер мен сотталған азаматтарды бір-біріне қайтару туралы келісімге қол қойған.
XS
SM
MD
LG