Accessibility links

Порошенконы ұлықтауға Канада премьері де барады


Канада премьер-министрі Стефан Харпер.
Канада премьер-министрі Стефан Харпер.
Канада премьер-министрі Стефан Харпер 7 маусым күні өтетін Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенокны ұлықтау рәсіміне қатысады.

Харпердің айтуынша, ол Порошенконы ұлықтауға Украинаның тұрақтылық пен көркею жолына түскенін Канаданың қолдайтынын білдіру үшін бармақ.

Харпер украиндықтар өздерін "сыртқы қауіп-қатерден қорғайтын үкіметтің құрылуына еңбек сіңірді" деді.

Канада премьері Ресей президенті Владимир Путинді Мәскеу Қырым түбегін аннексиялап, Украинаның шығысында тәртіпсіздікке арандатқан соң бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр деп атады.

Бұған дейін Ақ үй Петр Порошенконы ұлықтау салтанатына АҚШ вице-президенті Джо Байденнің баратынын хабарлаған еді.

Канадада Украинадан шыққан 1 миллионнан астам адам тұрады.
XS
SM
MD
LG