Accessibility links

АҚШ президенті конгрестен кешірім сұрады


АҚШ президенті Барак Обама. Варшава, 4 маусым 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Варшава, 4 маусым 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамодағы америкалық әскери база түрмесінде қамауда отырған бес адамды Ауғанстанда Талибан тұтқынында болған америкалық сарбаз Боу Бергдалға айырбастау туралы ескертпегені үшін конгресс мүшелерінен кешірім сұрады. Бұл жайында сенаторлар Дайэнн Файнстайн мен Саксби Чамблис хабарлады.

2013 жылы желтоқсанда қабылданған заңға сәйкес, президент әкімшілігі Гуантанамода жазасын өтеп жатқан қандай да бір тұтқынның босатылатынын конгреске 30 күн бұрын ескертуі тиіс.

Боу Бергдал бес жыл тұтқында отырып, 31 мамыр күні босатылған. АҚШ үкіметі оны Гуантанамодағы түрмеде қамауда отырған Талибанның бес адамына айырбастаған.

Варшавада сөйлеген Обама Бергдалды босату туралы шешімінің дұрыс болғанын айтты. Ол Талибанның босатылған мүшелері егер АҚШ қауіпсіздігіне қайтадан қауіп төндіргендей болса, Вашингтон олардың ізіне түсетіндігіне сенімді екенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG