Accessibility links

Қырғыз азаматы Бостон жарылысына қатысты айыпты мойындамады


Марафонда болған жарылыстан кейінгі көрініс. Бостон, АҚШ, 15 сәуір 2013 жыл.
Марафонда болған жарылыстан кейінгі көрініс. Бостон, АҚШ, 15 сәуір 2013 жыл.
Қырғызстан азаматы Хайрулложон Матанов Бостон марафоны кезінде болған жарылысқа қатысты өзіне тағылған айыпты мойындамады. Тергеушілер 23 жастағы Матановты "жалған айғақтар берді және бірқатар компьютерлік файлдарды жойды" деп айыптап отыр.

4 маусым күні өткен тыңдауда Қырғызстан азаматына ресми айып тағылып, судья оны сотқа дейін қамауға алуға шешім шығарған. Матанов Бостондағы жарылысқа негізгі күдікті саналатын ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтардың жолдасы деп танылған.

20 жастағы Джохар Царнаев қазір қамауда отыр. Егер сотта "жарылысты ұйымдастырды" деген айыбы дәлелденсе, өлім жазасына кесілуі мүмкін. Оның ағасы, 26 жастағы Тамерлан Царнаев жарылыстан соң полициямен атыста қаза тапты делінеді.

Бостондағы жарылысқа қатысты Матановтан өзге тағы үш адамға, оның ішінде қазақстандық екі азамат - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа "тергеу ісіне кедергі келтірмек болды" деген айып тағылған.

2013 жылы 15 сәуір күні Бостонда марафон аяқталар кезде болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 260 адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG