Accessibility links

Ирак әскері Самарра қаласын қайтарып алды


Ирак картасы. (Көрнекі сурет)
Ирак картасы. (Көрнекі сурет)
Ирак билігінің хабарлауынша, үкімет әскері "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобының жасақтары 5 маусымда басып алған Самарра қаласын бақылауына алды.

Элиталық арнайы жасақ сарбаздары тікұшақтардың көмегімен "Ирак және Левант ислам мемлекетінің" мүшелерін қаладан ығыстырып шығарған. Шабуылдаған топ жағынан ондаған адамның қаза тапқаны хабарланып отыр.

Ауыр қаруланған содырлар Самарраға 5 маусым күні таңертең шабуылдап, бірқатар әскери өткізу бекеттерін бақылауына алған. 350 мың тұрғыны бар қалада мұсылман шииттер қасиетті санайтын Аскария мешіті (немесе Алтын мешіт) орналасқан. "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлар исламның сүнниттік бағытын ұстанады.

Қаңтар айынан бері содырлар Ирактың батысындағы Анбар провинциясының бірнеше ауданын бақылауына алып, Бағдадтағы шииттік үкіметке берілген әскермен үздіксіз соғысып келеді.
XS
SM
MD
LG