Accessibility links

Киев Ресеймен шекарада 8 бекетті жаппақ


Луганск облысының Ресеймен шектес шекара бекеті. Луганскғ Украина, 5 маусым 2014 жыл.
Луганск облысының Ресеймен шектес шекара бекеті. Луганскғ Украина, 5 маусым 2014 жыл.
Украина үкіметі Донецк мен Луганск облыстарының Ресеймен шекарасында 32 өткізу бекетінің 8-інінің жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім Украина мемлекеттік күзет қызметінің ұсынысымен украин-ресей шекарасының кейбір бөліктерінде болып жатқан оқиғаларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Соңғы уақыттары аталған облыстарда ресейшіл сепаратистердің украин шекарашыларына жиі шабуылдап, Украинаға қарулы адамдар мен қару-жарақ тиеген көліктердің кедергісіз өтіп жатқаны туралы ақпарат көбейген.

5 маусымда Донецк облысындағы "Мариновка" шекара өткізу бекетінде сепаратистер мен шекара әскері арасныда атыс болған. Атыстан екі жақтан да жараланғандар бар.

Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, бір қарулы шекараның Ресей жағындағы Куйбышев өткізу бекеті жағынан, екінші топ Украина жағынан шабуылдаған. Сепаратистерге әуеден соққы беріліп, тойтарыс жасалған. Ресейшіл сепаратистердің бірнеше көлігі мен бронды техникасы жойылған.
XS
SM
MD
LG