Accessibility links

Ауған президенті үміткеріне қастандық жасамақ болды


Ауғанстан президенттігіне кандидат, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла (ортада). Кабул, 6 маусым 2014 жыл.
Ауғанстан президенттігіне кандидат, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла (ортада). Кабул, 6 маусым 2014 жыл.
Кабулда Ауғанстан президенттігіне басты үміткерлердің бірі, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла жиын өткізіп жатқан қонақ үй маңында екі жарылыс болды.

Абдулла Абдулланың айтуынша, екі бомба жарылып, көлігі зақымданған, бірақ өзіне ештеңе болмаған. Жарылыстан оның кейбір күзетшілері жеңіл жараланған.

Бұдан соң Абдулла Халықтық ислам бірлігі партиясының жиынынан қайтып бара жатқанда жол шетіне жасырылған тағы бір бомба жарылған.

Жарылыстарға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Абдулланың қарсыласы, бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани Twitter-дегі парақшасында жарылыстарды айыптап, оны "елдегі демократиялық процестерді тоқтатуға тырысатын Ауғанстан жауларының әрекеті" деп атады.

Абдулла Абдулла - 14 маусымда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетуден үміткер.
XS
SM
MD
LG