Солтүстік Кавказдағы (Ресей) Ингушетия республикасының басшысы Юнусбек Евкуров Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск облыстарында соғысып жатқан ресейшіл сепаратистер арасында "ингуш еріктілері де бар" екенін мәлімдеді.
Евкуровтың айтуынша, сепаратистер қатарында 20-25 ингуш еріктілері жүр. Ол украин әскерімен қақтығыстарда кемінде төрт ингуш азаматы қаза тапқанынан хабардар екенін айтты.
Оның сөзінше, ингуш жасақтары Украинаға Ингушетиядан емес, Ресейдің өзге аймақтарынан барған.
Украина ақпарат құралдары елдің шығысында үкімет әскеріне қарсы соғысып жүрген ресейшіл сепаратистер қатарында "шешен, ингуш және осетиндер бар" екенін айтқан.