Accessibility links

Оңтүстік Осетияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Грузия мен оның жікшіл аймақтары - Оңтүстік Осетия және Абхазия көрсетілген карта.
Грузия мен оның жікшіл аймақтары - Оңтүстік Осетия және Абхазия көрсетілген карта.
Грузияның өзін өзі тәуелсіз деп жариялаған Оңтүстік Осетия аймағында бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлауға тоғыз партия түсіп отыр.

34 орыннан тұратын парламентке депутаттар бес жылға сайланады. Сайлау пропорционалдық жүйе бойынша өткізіледі. Орталық сайлау комиссиясы алғашқы алдын ала ресми мәліметті кешке сайлау учаскелері жабылған соң жариялайды.

Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Белла плиева Интерфакс агенттігіне жексенбі күнгі сайлау «тыныш, бірқалыпты өтіп жатқанын» айтқан.

Бұған дейін Оңтүстік Осетия арнайы қызмет органдары маусымның 7-і мен 8-і күндері қауіпсіздік шараларын күшейту аясында жікшіл аймақта шекараның жабылатыны туралы ақпарат таратқан еді.
XS
SM
MD
LG