Косовоның басқарушы Демократиялық партиясы 8 маусым күні өткен кезектен тыс парламент сайлауында жеңіске жеткені туралы жариялады. Сайлаудың алғашқы алдын-ала нәтижелері бойынша, премьер-министр міндетін атқарушы Хашим Тачидің Демократиялық партиясы оппозициялық Косово демократиялық лигасынан аз ғана басымдықпен алда тұр.
Демократиялық партия жетекшісінің орынбасары Кадри Весели Приштинада өткен баспасөз жиынында "Біздің партиямыз парламент сайлауында жеңіске жетіп тұр" деп мәлімдеді.
Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 43 пайызы қатысқан. Бұл - Косово үшін төмен көрсеткіш саналады. Косово тұрғындары елде коррупцияның етек жаюына, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейінің өсуіне (ресми есеп бойынша 35 пайыз) наразы.
Косово парламенті биыл мамыр айында өзін-өзі таратқан еді. Жаңадан сайланған парламент премьер-министр мен президентті сайлайды.
Сарапшылар Хашим Тачидің партиясы сайлауда анық жеңіске жеткенімен де, үшінші мерзімге үкіметті қайта басқару үшін коалицияны басқа саяси қозғалыстармен, оның ішінде этникалық сербтермен бірге құруы қажет болады дейді. Премьер-миинстр қызметіне Хашим Тачи үміткер саналады.