Accessibility links

Карачи әуежайына шабуыл жасалды


Пәкістандық полицейлер Карачи әуежайына жасалған шабуыл кезінде жараланған әріптестеріне жәрдем көрсетіп жатыр. 8 маусым 2014 жыл.
Пәкістандық полицейлер Карачи әуежайына жасалған шабуыл кезінде жараланған әріптестеріне жәрдем көрсетіп жатыр. 8 маусым 2014 жыл.
Дүйсенбіге қараған түні Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Карачи қаласында елдегі ең ірі әуежайға ауыр қару-жарағы бар содырлар тұтқиылдан шабуыл жасағаны хабарланды.

Ресми ақпарат бойынша, шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тапқан, олардың көпшілігі - әуежайдың қауіпсіздік қызметінде істейтін азаматтар. Кейбір деректерде шабуыл кезінде стюардесса да оққа ұшқаны айтылады. Пәкістан әскерилері "үш содырдың көзі жойылды" деп хабарлады.

Әуежай маңында қазір атыс жүріп жатыр. Оқиға орнынан бірнеше жарылыс дауысы естілген. Шабуылшылар әуежайдың VIP жолаушылар мен жүктерін тасымалдауға арналған ғимаратына граната лақтырып, автоматпен атқылаған.

Әуежайды әскер қоршап тұр. Карачиге келетін барлық рейстер басқа қалаларға жөнелтіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG