Accessibility links

Оңтүстік Осетия сайлауында ресейшіл партия алда тұр


Грузия мен оның жікшіл аймақтары - Оңтүстік Осетия және Абхазия көрсетілген карта.
Грузия мен оның жікшіл аймақтары - Оңтүстік Осетия және Абхазия көрсетілген карта.
Грузияның жікшіл Оңтүстік Осетия аймағының сайлау комиссиясы 8 маусым күні өткен парламент сайлауында аймақтың Ресеймен бірігуі туралы референдум өткізуге шақырған ресейшіл Біріккен Осетия партиясы алда тұрғанын хабарлады.

Сайлауда берілген дауыстардың үштен бірін санағандағы нәтиже бойынша, Біріккен Осетия партиясы сайлаушылардың 44 пайыз даусын иеленген.

34 орыннан тұратын парламентке сайлауға барлығы тоғыз саяси партия түскен.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Біріккен Осетиядан өзге тағы екі саяси партия парламентке өтуге қажетті 7 пайыздық межені жинаған.

Грузия бұл сайлауды заңсыз деп атады. Оңтүстік Осетия 1992 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған, бірақ Тбилиси оны мойындамайды.

2008 жылы тамызда Грузиямен қысқа мерзімдік әскери жанжалдан соң Ресей мен санаулы бірнеше ел ғана Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін таныған. Сол жанжалдан кейін Ресей Грузияның сепаратистік осы аймағында әскер ұстайды.
XS
SM
MD
LG