Accessibility links

Порошенко: Сепаратистермен соғыс осы аптада аяқталуы тиіс


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 7 маусым 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 7 маусым 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко "елдің шығысындағы соғыс қимылдары осы аптада аяқталуы тиіс" деп мәлімдеді.

8 маусым күні таратылған мәлімдемеде "Украинада күн сайын адам өліп, елдің үлкен шығынға ұшырап отырғанына төзе алмаймын" делінген. Ол "Украина шекарасы әрбір украин азаматының қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндей деңгейде қайта қалпына келтірілуін" маңызды деп атады.

Порошенко президент қызметіне 7 маусымда кіріскен. Ол мәлімдеме жасамас бұрын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілімен және Ресейдің Украинадағы елшісімен кездескен.

Украина қарулы күштері бір айдан астам уақыттан бері елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы антитеррористік операцияларды жүргізіп жатыр. Сепаратистер Донецк мен Луганск облыстарында бірнеше үкіметтік мекемелерді басып алған.

8 маусым күні сепаратистер бақылауындағы Славянск қаласы маңында ұрыс болды.
XS
SM
MD
LG