Accessibility links

Карачи әуежайына тағы шабуыл жасалды


Карачи әуежайына жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. Пәкістан, 9 маусым 2014 жыл.
Карачи әуежайына жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. Пәкістан, 9 маусым 2014 жыл.
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Карачи қаласының әуежайында қауіпсіздік күштерін даярлау орталығына 10 маусымда бір топ содыр шабуыл жасады. Алдын-ала деректер бойынша, атыс кезінде құқық қорғау күштерінің бес қызметкері оққа ұшқан. Шабуылдан әуежайдағы барлық ұшып шығатын және ұшып келетін рейстер тоқтатылған.

Пәкістанның қорғаныс министрлігі оқиға орнына әскерилердің жіберілгенін хабарлады.

9 маусымға қараған түні Карачи әуежайына қаруланған 10 содыр шабуыл жасап, 35 адам мерт болған еді. Атыстан 10 содырдың барлығының көзі жойылған. Шабуылға жауапкершілікті "Талибанның" пәкістандық қанаты - "Техрик-е-Талибан" ұйымы мойнына алған. Ұйым шабуылды өткен жылы жетекшілері Хакимулла Мехсудтың АҚШ-тың пилотсыз ұшағынан жасалған соққыдан қаза табуына еске алу деп атаған.

10 маусымда таңертең Пәкістан әскерилері елдің солтүстік-батысында әуе соққысынан кемінде 15 содырдың қаза тапқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG