Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның бес сарбазы қаза тапты


Ауғанстандағы халықаралық коалиция әскері. (Көрнекі сурет)
Ауғанстандағы халықаралық коалиция әскері. (Көрнекі сурет)
Бүгін НАТО әскери басшылығы 9 маусым күні Ауғанстанның оңтүстігінде халықаралық коалиция күштерінің бес сарбазы қаза тапқаны туралы хабарлады. Бірақ олардың қандай жағдайда қаза болғаны және қай елдің азаматтары екені айтылған жоқ.

Ауғанстан билік өкілдері НАТО сарбаздарының Забуль уәлаятының Аргандаб ауданында қаза тапқанын айтады.

Жыл басынан бері Ауғанстанда 36 шетелдік әскери қаза тапқан.

Жоспар бойынша, НАТО басқаратын халықаралық коалиция күштері биылғы жылдың соңына дейін Ауғанстаннан шығарылмақ.
XS
SM
MD
LG