Accessibility links

Маңғыстауда цистерна жарылысынан 2 адам қаза тапты


Жанармай құйылған цистерна. (Көрнекі сурет)
Жанармай құйылған цистерна. (Көрнекі сурет)
Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" компаниясына қарасты Қарамандыбас мұнай кенішінде жанар-жағармай құйылған цистерна жарылып, екі жұмысшы қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 10 маусым күні түстен кейін болған. Жұмысшылар ішінде 10 текше метр жанармайы бар металл цистернаның астына GPS құрылғысын орнатып жатқанда жарылыс болып, өрт шыққан. Жанармай түгелімен жанып кеткен.

Жарылыстан 24 және 25 жастағы екі жұмысшы оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам жараланып ауруханаға түскен.
XS
SM
MD
LG