Accessibility links

Мариупольде Украина әскері ресейшілдер штабына шабуылдады


Мариупольдегі блокпостта тұрған ресейшіл сепаратист. Украина, 1 маусым 2014 жыл.
Мариупольдегі блокпостта тұрған ресейшіл сепаратист. Украина, 1 маусым 2014 жыл.
"Украинская правда" басылымы "елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы операцияларға қатысып жатқан Николаев қаласының десанттық бригада бөлімі Ресеймен шекарада қоршауға түсіп қалды" деп хабарлады. Ұрыста кемінде екі әскери қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Украина парламентінің депутаты Олег Ляшконың хабарлауынша, Донецк облысының оңтүстігіндегі Мариуполь қаласында да ұрыс жүріп жатыр.

Ляшко Facebook-тегі парақшасында "Мен қазір Мариупольдемін. Мұнда операция басталды. Қалада автомат пен пулемет дыбысы естіліп, гранаталар жарылып жатыр. Сепаратистер қаруларын тастау туралы бұйрыққа қарсы оқ атты" деп жазды.

Депутаттың сөзіне қарағанда, өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасын" жақтаушылардың Мариупольдегі штабына шабуыл кезінде "Азов" арнайы жасағының бір сарбазы жараланған.

Олег Ляшко Мариуполь тұрғындарынан үйлерінен шықпауды сұраған.

Мариупольдегі сепаратистердің штабына шабуыл жасалғаны туралы "Донецк халық республикасының" Twitter-дегі парақшасында да хабарланды.
XS
SM
MD
LG