Иран президенті Хассан Роухани Иракта қауіпсіздікті қалпына келтіруде "егер АҚШ сүннит экстремистеріне қарсы шара қабылдаса, Тегеран Вашингтонмен бірігіп әрекеттер жасау жайлы қарастыруға дайын" деп мәлімдеді.
Иран астанасында өткен баспасөз мәслихатында Роухани «Біз террористік топтарға іс жүзінде де, сөз жүзінде де қарсы тұруымыз керек»,- деген.
Соңғы күндері «Ирактағы және Левантдегі ислам мемлекеті» деп аталатын радикалды топ жасақтары Ирак солтүстігіндегі біршама аумақты басып алған. Олар иеленген қалалар ішінде Мосул мен Тикрит те бар. Қазір олар Бағдатқа қарай жылжып келеді
Кеше АҚШ мемлекеттік департаменті Ирак қауіпсіздігіне қатысты Иранмен келіссөз жүргізбейтіндігін мәлімдеген.