Accessibility links

Словакия президентін ұлықтау рәсімі өтті


Словакия президенті Андрей Киска.
Словакия президенті Андрей Киска.
Словакияда 15 маусым күні жаңадан сайланған президент Андрей Кисканы ұлықтау рәсімі өтті. Шарада сөйлеген Киска Еуропа Одағы және НАТО-мен ынтымақтастықты жалғастыруға уәде берді. Киска Словакияның Украинадағы жағдайларға алаңдаулы екенін айтып, Еуропада қауіпсіздік мәселесі қайтадан күн тәртібіне шыққанын мәлімдеді.

Киска - Словакияның төртінші және бұрын коммунистік партияда болмаған алғашқы президенті. Танымал бизнесмен, кейіннен қайырымдылықпен айналыса бастаған Киска ұлықтау рәсіміне үй-күйсіз жүрген 15 адамды депутаттармен бірге түстік ас ішуге шақырды. Ол өз жалақысының бір бөлігін президенттік мерзімі біткенше қайырымдылыққа жұмсауға уәде берді.

Андрей Киска бұған дейін елде аса қауіпті дертке шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына көмектесетін үлкен қайырымдылық қорын құрған.
XS
SM
MD
LG