Пәкістанның солтүстік-батысындағы Солтүстік Вазиристан провинциясында үкімет күштерінің исламшыл содырларға қарсы әскери операциясы жалғасып жатыр.
Әскери авиация мен артиллерия да қатысып жатқан бұл операцияны билік "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымының өткен аптада Карачи әуежайына жасаған шабуылына жауап ретінде өткізіп жатыр.
Пәкістан әскерилерінің хабарлауынша, 15 маусым күні содырлардың сегіз нысанына әуеден соққы берілген. Соңғы деректер бойынша, операциядан 100-ден аса содыр қаза тапқан. Олардың арасында әуежайға шабуылды ұйымдастырған топ басшысы да бар деп хабарланды.
Азаттықтың Пәкістан қызметінің хабарлауынша, аймақтан 50 мыңнан аса адам бассауғалап тұрғылықты жерін тастап кеткен. Көршілес Ауғанстандағы Хост уәлаятында босқындарға арналған лагерь ашылған.