Accessibility links

Михаэль Шумахер комадан шықты


"Формула-1" жарысының жеті мәрте чемпионы Михаэль Шумахер.
"Формула-1" жарысының жеті мәрте чемпионы Михаэль Шумахер.
"Формула-1" жарысынан әлемнің жеті дүркін чемпионы, 2013 жылдың соңында Францияда тау шаңғысы шипажайында басынан ауыр жарақат алған Михаэль Шумахер комадан шықты.

Шумахердің баспасөз хатшысы Сабина Кемнің айтуынша, 45 жастағы спортшы ес жиған соң, Францияда емделіп жатқан ауруханасынан шыққан. "Шумахер ұзақ уақыт өтетін сауығу курсын жалғастыру үшін Гренобль ауруханасынан шықты" делінген. Бірақ оның қайда емделетіні айтылған жоқ.

Михаэль Шумахер 2013 жылы 29 желтоқсан күні Францияның Марибель шипажайында шаңғымен сырғанап жүріп басын тасқа соғып алған еді. Құлаған кезде басында қорғаныш шлемі болған.

2012 жылы спорттан кеткен Шумахер жеті мәрте әлем чемпионы атағынан өзге 91 жарыста жеңіске жеткен.
XS
SM
MD
LG