Краматорскіде Украина мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) өкілдері әскерилермен бірігіп украин сарбаздарына автоматтан оқ атқан заңсыз қарулы құрылымның бес мүшесін ұстаған.
"Украинская правда" басылымының қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, ұсталғандардың бірі - Краснодарск жоғарғы әскери авиация училищесінің бұрынғы курсанты, 21 жастағы Николай Крылов деген Ресей азаматы. Ол Украинаның шығысына ресейшіл сепаратистер жағында соғысу үшін ақшаға жалданып барғанын айтқан. Бұрынғы курсанттың сөзінше, еріктілерді соғысқа тарту туралы хабарландыру интернетте жарияланған. Ұрыс қимылдарына қатысқаны үшін үйлестірушілер оған күніне бір мың АҚШ долларын төлеуге уәде берген.
ИТАР-ТАСС агенттігі өздерін "халық жасағы" деп атайтын топ өкіліне сілтеме жасап 16 маусым күні Краматорскіде украин әскерінің артиллериядан шабуыл жасауынан он адам қаза тауып, он адам жараланғанын хабарлады.