Accessibility links

Бразилияда әлем чемпионатына қарсы акция өтті


Футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан стадион сыртында тұрған бразилиялық полицейлер. 16 маусым 2014 жыл.
Футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан стадион сыртында тұрған бразилиялық полицейлер. 16 маусым 2014 жыл.
Бразилияның Куритиб қаласында 200-ден аса адам елде футболдан әлем чемпионатының өткізілуіне наразылық танытты.

16 маусым күні Иран мен Нигерия құрама командалары арасында өтетін матч алдында демонстранттар жолды жауып, қоқыс контейнерлерін өртеп, жанкүйерлер отырған автобустардың қозғалысына кедергі келтірді.

Қала орталығында маска киген адамдар банктер мен дүкендердің терезелерін сындырды. Шерушілерді тарату үшін полиция резеңке оқтар мен көзден жас ағызатын газ қолданып, 14 адамды ұстап әкетті.

Сол күні Натал қаласында АҚШ пен Гана ойыншылары арасында матч басталар алдында фанаттар АҚШ туын өртеді. Полиция қақтығыстар туындауына мүмкіндік берген жоқ.

16 маусым күні чемпионат аясында үш матч өткен. Германия футболшылары Португалия қақпасына төрт гол соғып, басым түсті. Иран-Нигерия кездесуі 0:0 болып аяқталды. АҚШ Гананы 2-1 есебімен ұтты.
XS
SM
MD
LG