Ресейлік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ресейшіл топтар өзге елдерде түсірілген суреттер мен видеоларды "Украинадағы қазіргі оқиғалар дәлелі" ретінде ұсынады.
Ресейдің жалған насихаты – 2

1
"Брест қамалы" (Ресей-Беларусь, 2010 жыл) фильмінің кадрін "украин армиясының Донбастағы жауыздығына дәлел" ретінде жариялаған.

2
"Мир 24" телеарнасы Facebook парақшасында Косоводағы босқындардың 1999 жылы түсірілген суретін "Украинадағы 2014 жылғы босқындар" ретінде сипаттап берді. Қазір ол суретті алып тастаған.

3
Ресейлік актер Иван Охлобыстин Сан-Францискодағы гей-парадты "Киев мэрін сайлау шарасын тойлап жүрген украиналықтар" ретінде жариялады.

4
1992 жылы Боснияда көшеде көз жұмғалы жатқан босниялықты теуіп тұрған серб әскерінің суреті "Донбасты украин армиясынан қорға" деген ұранмен жарияланды.

5
Компьютерлік бағдарламаның арқасында "Донецк халық республикасының" туы "ғарыш станциясына" шығып кетті.

6
Баласы ресейшіл сепаратистердің қолынан қаза тапқан Славянск тұрғынын "Киев хунтасының" айуандығын айтып тұрған адам" ретінде сипаттады. (Видеоның түпнұсқасы мұнда)

7
Әлеуметтік желілерде "Тернопольдің Польшаға қосылуын жақтаған шеру" деп сипатталған фото - Варшавада 2012 жылы қыркүйекте болған шерудің суреті.

8
Мексикадағы есірткі соғысы құрбандарының мәйітін "украин әскерінің сүйегі" деп сипаттады.

9
Белградтың 1999 жылғы бомба түскеннен кейінгі сәттегі фотосын "украин армиясы атқылаған Славянск" деп суреттеді.

10
Шешенстандағы оқиғаның суретін "Украинада болған іс" деп баяндады.
КӨРІҢІЗ: РЕСЕЙДІҢ ЖАЛҒАН НАСИХАТЫ - 1
КӨРІҢІЗ: РЕСЕЙДІҢ ЖАЛҒАН НАСИХАТЫ - 1