Accessibility links

Испания құрамасы әлемдік жарыстан шығып қалды


Испания-Чили матчы. Рио-де-Жанейро, 18 маусым 2014 жыл.
Испания-Чили матчы. Рио-де-Жанейро, 18 маусым 2014 жыл.
Футболдан әлем чемпионы Испания құрамасы Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатынан шығып қалды. Испания ойыншылары Чили командасынан 0:2 есебімен ұтылды. Испан футболшылары осымен екінші ойында жеңілді.

Соңғы екі матчтың қорытындысы бойынша, В тобындағы Испания мен Австралияда бір де бір ұпай жоқ. Австралия құрамасы топтық іріктеуде Нидерланд командасынан 3-2 есебімен жеңілді.

2010 жылы әлем чемпионаты кубогының иегері, 2008 және 2012 жылғы Еуропа чемпионы болған Испания құрамасы соңғы төрт әлем чемпионатында топтық іріктеуден аса алмаған үшінші чемпион болып отыр.

В тобындағы өзге екі құрама - Нидерланд және Чили командаларында алты ұпайдан бар.
XS
SM
MD
LG