Accessibility links

Испания жаңа королі таққа отырады


Испанияның бұрынғы королі бірінші Хуан Карлос (оң жақта) пен оның мұрагер ұлы Фелипе. Мадрид, 18 маусым 2014 жыл.
Испанияның бұрынғы королі бірінші Хуан Карлос (оң жақта) пен оның мұрагер ұлы Фелипе. Мадрид, 18 маусым 2014 жыл.
Бүгін Мадридте 46 жастағы ханзада Фелипенің Испания королінің тағына отыру салтанаты өтеді.

18 маусым күні оның әкесі, бірінші Хуан Карлос тақтан түсу туралы құжатқа қол қойған. Алтыншы Фелипе ресми түрде король өкілеттігін 19 маусымға қараған түні қабылдап алмақ.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Испаниядағы экономикалық дағдарысқа байланысты таққа отыру рәсімі сән-салтанатсыз, дәстүрлі түрде жасалатын банкетсіз өткізіледі. Таққа отыру рәсіміне монархтар мен шет мемлекеттердің басшылары шақырылмайды.

Король бірінші Хуан Карлос Испанияны 1975 жылдан бері басқарып келді. Ол әскерилердің мемлекеттік төңкеріс жасауына қарсылық танытып, елде демократиялық реформалар жүргізуге жағдай жасағаны үшін испандықтардың қолдауына ие болған еді.

Бірақ соңғы кездері король әулетінің мүшелері ұрынған коррупциялық дау-жанжал Испаниядағы монархияның беделіне едәуір нұқсан келтірді.
XS
SM
MD
LG