Accessibility links

"KazEOSat-2" спутнигі Ресейден ұшырылды


Қазақстандық "KazEOSat-2" Жерді қашықтан зондылау спутнигі 20 маусымға қараған түні Астана уақытымен сағат 01:11-де Ресейдің Орынбор облысындағы "Ясный" базасынан ғарышқа ұшырылды.

"Қазғарыш" агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спутникті РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының негізінде жасалған "Днепр" зымыран тасығышы тіркеп ұшқан.

"KazEOSat-2" спутнигін "Қазғарыштың" тапсырысы бойынша Францияның "Airbus Defense and Space" консерні құрамына кіретін британдық "Surrey Satellite Technology Limited" компаниясы құрастырған.

Спутник Қазақстан территориясын ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мониторинг жасау, табиғи апаттардың алдын-алу, жер кадастрын жасау, картографиялау мақсатында түрлі суретке түсіруге арналған.

Қазақстан бұған дейін, 30 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа "KazSat-3" спутнигін ұшырған.
XS
SM
MD
LG