Accessibility links

БҰҰ: Әлемде босқындар саны 50 миллионнан асты


Ирактағы сириялық босқындар. Мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Ирактағы сириялық босқындар. Мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі әлемде қақтығыстар мен жанжалдардан қашып, босқын болып кеткен адамдар саны Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бірінші рет 50 миллионнан асты деп мәлімдеді. Агенттік бұл туралы ақпаратты 20 маусым - дүниежүзілік босқындар күніне орай жариялаған есебінде келтіреді.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутеррес жылдық есебінде 2013 жылдың соңында әлемде босқын атанған және өз елдері аумағында үй-күйінен айырылған адамдар саны 51.2 миллионға жеткенін айтады. Өткен жылы босқындар саны 2012 жылмен салыстырғанда 6 миллионға артқан.

Агенттік мәліметінше, бір ғана Сириядағы азаматтық соғысының өзі 9 миллион адамды босып кетуге мәжбүр еткен. Босқындардың 86 пайызын дамушы елдер паналатып отыр.

Бұған дейін Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті "қамтамасыз ете алмай отыр" деп сынаған.
XS
SM
MD
LG