Accessibility links

Ирактағы шабуылдан 23 тұтқын мерт болды


Радикалды қарулы топқа қарсы шайқасып жатқан Ирак әскері. Ирак, 22 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Радикалды қарулы топқа қарсы шайқасып жатқан Ирак әскері. Ирак, 22 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Бағдадтың оңтүстігінде тұтқындарды алып бара жатқан түрме қарауылдарына содырлар шабуыл жасап, салдарынан 23 тұтқын мерт болған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, шабуыл кезіндегі ұрыста жеті содырдың көзі жойылған. Қарауыл тұтқындарды Хилла қаласынан алып келе жатқан.

Ирактың солтүстік-батысында "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын ұйым бірнеше қаланы басып алып, енді Бағдадқа шабуылдамақ ниетте.
XS
SM
MD
LG