Accessibility links

Полицей өлтіру ісі бойынша прокурор наразылығы қабылданбады


Әділет Тұрсынбеков, қастандықтан қаза тапқан ақтаулық полицей.
Әділет Тұрсынбеков, қастандықтан қаза тапқан ақтаулық полицей.
Алматыдағы Қазақстанның әскери соты бас әскери прокурордың жас полицей Әділет Тұрсынбековтің өліміне қатысты қозғалған іс бойынша жазған кассациялық наразылығын кері қайтарды. Прокурор осы іс бойынша шыққан үкімдердің күшін жойып, істі қайта қарауды ұсынған.

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері, 24 жастағы аға лейтенант Әділет Тұрсынбеков, 2011 жылғы қаңтарда Ақтау қаласының ауруханасында қайтыс болған еді. Содан сәл бұрын оның бір топ адамның қолынан таяқ жегені, жәбірлеушілердің арасында екі ҰҚК қызметкері болғаны хабарланған.

2013 жылғы қазанда шыққан сот үкімі бойынша айыпты деп танылған Ақтаудағы күзет компаниясының қызметкері Қайрат Айтбаев пен Әділет Тұрсынбековке шабуыл жасау кезінде ҰҚК-де қызмет істеген Ренат Бердалиев және Самат Сабалақов 6 және 4 жылдық түрме жазасына кесілген. Оларға қызмет өкілетін асыра қодланды деген айып тағылған.

Қаза тапқан Әділет Тұрсынбековтің әкесі, зардап шегуші Алшынбай Ыбырай айыпталушыларға әділ жаза кесілген жоқ деп, Әскери соттың апелляциялық және кассациялық алқасына үкімді қайта қарауды талап еткен. Ол әу баста айып тағылған үш адамның ақталуына қарсы, ал қалған үш адам тым жұмсақ жазаланды деп ойлайды.

Алшынбай Ыбырайдың Азаттыққа айтуынша, ол Жоғарғы сотқа, бас прокурорға, бас әскери прокурорға және әскери сотқа Әскери соттың кассациялық алқасының құрамын өзгерту туралы шағым түсірген. Бірақ оның талап-арызы Әскери соттың бүгінгі отырысында қаралмады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG