Иран Ресейдің «Росатом» мемлекеттік компаниясы Бушер атом электр станциясында екі реактор салып беретінін хабарлады.
Иран Атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камалванди реактор салу туралы «Росатоммен» келісімге қол қою апта соңына жоспарланып отырғанын айтты.
Камалвандидің сөзінше, жаңа екі реактор бес-алты жылда іске қосылмақ.
«Росатом» басшысы Сергей Кириенко 23 маусымда реакторларды салу жұмыстары осы жылдың соңынан қалдырылмай басталуы мүмкін екенін айтқан еді.
Иран елдегі алғашқы және әзірге жалғыз Бушер АЭС-ін 2011 жылы қыркүйекте іске қосқан. АЭС құрылысын 1975 жылы неміс компаниялары бастаған. Бірақ 1979 жылы ислам төңкерісінен соң оны тастап кеткен.
Кириенконың сөзінше, технологиясы мен құрал-жабдығын Иранға бейімдеудің қажеті жоқ болғандықтан «Росатом» үшін жаңа реакторлар мен зауыт салу оңайырақ болмақ.