Accessibility links

"Газпром" мен австриялық OMV газ құбыры келісімін жасады


Австрияның OMV компаниясының басшысы Герхард Росс (сол жақта) пен "Газпром" басшысы Алексей Миллер "Оңтүстік ағын" газ құбырының австриялық бөлігін салу туралы келісімге қол қойды. Вена, 24 маусым 2014 жыл.
Австрияның OMV компаниясының басшысы Герхард Росс (сол жақта) пен "Газпром" басшысы Алексей Миллер "Оңтүстік ағын" газ құбырының австриялық бөлігін салу туралы келісімге қол қойды. Вена, 24 маусым 2014 жыл.

Австрияның OMV компаниясы мен Ресейдің "Газпром" компаниясы газды Еуропаға Украинаны айналып өтіп тасымалдауға жол ашатын "Оңтүстік ағын" (South Stream) құбырының австриялық бөлігін салу туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа Ресей президенті Владимир Путин мен Австрия президенті Хайнц Фишердің Венада өтетін келіссөздері қарсаңында қол қойылған.

Еуропа комиссиясы "Газпроммен" жасалған келісім еуроблоктың бәсекелестік туралы ережесін бұзады деп, Еуропа Одағына мүше барлық мемлекеттерді Кремльдің қысымына көнбеуге шақырады. Бірақ OMV "газ құбыры Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады" дейді.

Жоспар бойынша, "Оңтүстік ағын" Қара теңіз, Сербия мен Венгрияны кесіп өтуі тиіс. Бірақ Болгария бұл бағыттағы жұмыстарды тоқтатқан.

24 маусым күні Ресей энергетика министрі Александр Новак Мәскеу Софиямен газ құбырының Болгариядағы бөлігін салуға байланысты мәселелерді шешу үшін келіссөздер жүргізетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG