Accessibility links

Ақмола облысында он шақты киік қырылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақмола облысында 14 бас киік өлексесі табылды деп хабарлады бүгін облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Департамент дерегінше, киіктер облыстың Егіндікөл ауданы аумағында қырылған.

"25 маусым күні Бауманск селосынан 20 километр қашықтықта аймақтық орман және аң шаруашылығы инспекциясы өкілдері 14 бас киік өлексесін тапты. Жануарлардың еті киіктердің неден қырылғанын анықтау үшін сараптамаға жіберілді" деген департаменттегілер.

Алдын-ала болжам бойынша, киіктер егіс алқаптарын өңдеген химикаттан уланған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG