Accessibility links

Оралда Ұлыбритания азаматы 8 жылға сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 маусым күні Ұлыбритания азаматы Питер Барохты "кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғындық жолына салды" деген айыппен сегіз жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды.

Сот Барох Питерді "14 жасқа толмаған адамдарға зорлықсыз азғындық әрекет жасау", "порнографиялық материалдарды заңсыз тарату" және "кәмелетке толмағандардың суреттерімен порнографиялық материалдар дайындап, тарату" баптары бойынша айыпты деп тапқан. Оған жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу белгіленді.

Сот Ұлыбритания азаматынан процессуалдық шығын ретінде мемлекет пайдасына 150 мың теңгеден астам қаржы өндіріп алуға шешім шығарған.

Тергеу деректері бойынша, Питер Барох Оралда және Қазақстанның бірнеше қаласында өзін кәсіби фотографпын деп таныстырып, кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды жалаңаш күйде суретке түсірген. Оралдағы қонақүйлердің бірінде ол тұрып жатқан бөлмені тінту барысында жалаңаш суретке түсірілген қыздардың 2 мыңға тарта суреті енгізілген флеш-карта табылған.

Сот жабық режимде өтті.

XS
SM
MD
LG