Accessibility links

Ресей парламенті Украинаға әскер енгізу рұқсатын жойды


Ресей президенті Владимир Путин. Вена, 24 маусым 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Вена, 24 маусым 2014 жыл.

Ресей Федерация кеңесіпрезидентке қарулы күштерді Украина территориясында қолдануына рұқсат беретін өзінің 1 наурызда шығарған қаулысының күшін жойды. Қаулы күшін жоюды 153 сенатор қолдап, 1 сенатор қарсы дауыс берді. Федерация кеңесі бірақ қажет болған жағдайда депутаттар Украинада Ресей армиясын қолдану мәселесін қайта қарай алатынын ескертті.

"Ведомости" газетінің қорғаныс министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей қаулы күші жойылғанына қарамастан Украинаға "әскер кіргізу мүмкіндігін сақтап қала алады".

2009 жылы Федерация кеңесі сол кездегі президент Дмитрий Медведевке қарулы күштерді шетелдерде қолдануға шексіз мерзімге рұқсат еткен. Ол рұқсаттың күші әлі жойылмаған және қазір де шартты түрде күшінде тұр.

Ресей президенті Владимир Путин 24 маусымда Федерация кеңесіне Украина территориясында Ресей қарулы күштерін қолдануға берген рұқсатын кері қайтарып алуды сұраған еді. Кремльдің хабарлауынша, рұқсатты қайтарып алу шешімі Украинаның шығысындағы жағдайды реттеу жөнінде үшжақты келіссөздердің басталуымен байланысты.

Украина президенті Петр Порошенко Путиннің сұрауын Мәскеудің Украинаның шығысындағы жағдайды реттеудегі "алғашқы нақты қадам" деп атаған.

XS
SM
MD
LG