Оңтүстік Қазақстан облысында 25 маусым күні жол апатынан алты адам мерт болып, екі адам жараланды.
Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол апаты Леңгір-Шымкент жолында сәрсенбі күні сағат 18.00 шамасында болған. "Мерседес" жеңіл көлігі "КАМАЗ" жүк көлігін басып озғанында қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2110 жеңіл көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Оқиға орнында алты адам - екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары қаза тапқан. Екі адам жараланып ауруханаға түскен. Тергеушілер жол апатының қалай болғанын анықтап жатыр.