Accessibility links

Польша парламенті премьерге сенім білдірді


Польша премьер-министрі Дональд Туск. Варшава, 25 маусым 2014 жыл.
Польша премьер-министрі Дональд Туск. Варшава, 25 маусым 2014 жыл.

Польша парламенті премьер-министр Дональд Тускке сенім білдірді.

Польша премьері өзіне сенім білдіру мәселесін елдің жоғары орталық банк басшысы мен сыртқы істер министрі, бұрынғы қаржы министрі және ішкі істер министрлерінің даулы аудио жазбасының таралып кетуіне байланысты туындаған саяси жанжалға бола парламентке ұсынған еді.

Дональд Тускты 237 депутат қолдап дауыс берді. Тусктың басқарушы "Азаматтық платформа" партиясы мен оның коалициядағы серігі "Шаруалар партиясы" парламентте басымдыққа - 235 орынға ие.

14 маусым күні польшалық "Впрост" басылымында сыртқы істер министрі Радослав Сикорский мен бұрынғы қаржы министрі Яцек Ростовскийдің әлемдік саясат туралы пікір алмасуларының жазбасы жарияланған. Бұған қоса орталық банк басшысы Марек Белки мен Бартоломей Сенкевичтің басқарушы партияның сайлауда жеңіске жету жайын талқылаған аудио жазбасы да басылған.

XS
SM
MD
LG