Accessibility links

АҚШ: Алғашқы тоқсанда ЖІӨ көлемі азайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2014 жылдың алғашқы тоқсанында АҚШ-та жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 2.9 пайызға төмендеп, экономикалық дамуы соңғы бес жылда болмаған деңгейге дейін баяулады. 2009 жылдың алғашқы тоқсанында АҚШ-тың ЖІӨ 5.4 пайызға дейін құлдыраған.

АҚШ сауда министрлігі сарапшылары ЖІӨ көлемінің төмендеуін уақытша құбылыс деп сипаттап, оны ауа-райы қолайсыздығымен, тұтынушылық шығын мөлшерінің азаюымен және импорттың артуымен байланыстырады.

Екінші тоқсанның мәліметтері бойынша, АҚШ экономикасы қайта аяқтан тұра бастаған.

Экономикалық заңдылықтар бойынша, ЖІӨ көлемінің екі тоқсан бойы төмендеуі экономикада құлдырау (рецессия) басталғанын білдіреді.

XS
SM
MD
LG