Қазақстан парламенті сенаты бүгін Қазақстан мен Италия үкіметтері арасындағы Қазақстан территориясы арқылы Италия әскері мен әскери мүліктерін тасымалдау жөніндегі келісімді ратификациялады.
Келісім Ауғанстанда тұрақтандыру және қалпына келтіру қызметіне қатысып жатқан Италия әскері мен әскери жабдықтарын ол елден әкету үшін жасалған.
Келісім бойынша, Италия ұшақтары Қазақстан әуе кеңестігінен халықаралық азаматтық авиация ұйымы ережелеріне сай ұшып өтеді.