Accessibility links

Краматорск аэродромын жікшілдер шабуылдап жатыр


Краматорскіде жүрген ресейшіл сепаратист. Украина, мамыр, 2014 жыл.
Краматорскіде жүрген ресейшіл сепаратист. Украина, мамыр, 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Краматорск қаласында ресейшіл сепаратистер жасағы украин әскерилерінің бақылауындағы аэродромды басып алуға тырысып жатыр деп хабарлайды УНИАН агенттігі.

Украиналық журналист Артем Шевченко Facebook-тегі парақшасында аэродромға "жақсы дайындықтан өткен 300-ге жуық бүлікші жаппай шабуылдап жатқанын" жазады. "Бүлікшілер қарудың барлық түрінен, оның ішінде "Град" зениттік қондырғысынан атып жатыр. Аэродромды 100-ге тарта украин десанты қорғап тұр. Оларға әуеден көмек керек" дейді журналист.

Краматорск аэродромы маңы мен қала орталығындағы атыс туралы Twitter әлеуметтік желісінде жергілікті тұрғындар да хабарлап жатыр.

Өткен түні Донецк облысында сепаратистер уақытша бітім шартын төрт рет бұзған. Олар украин әскерилерінің блокпостын атқылаған. Қарсы атылған оқтан бір бүлікші мерт болып, тағы бірнешеуі жараланды деп хабарлайды "Ақпараттық қарсыласу" орталығының жетекшісі Дмитрий Тымчук.

20 маусымда Украина президенті Петр Порошенко 27 маусымға дейін атысты тоқтата тұру режимін жариялаған еді. Бірақ 24 маусымда президент сепаратистер шабуыл жасаған жағдайда оларға қарсы жауап қайтаруға әскерге бұйрық берген.

XS
SM
MD
LG