Ресейлік "Лукойл" компаниясының президенті Вагит Алекперов батыстың Ресейге салған санкциясы ресейлік энергетикалық компанияларға кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді.
26 маусымда "Ведомости" газетіне берген сұхбатында Алекперов батыстың Мәскеудің Украинадағы саясатына қарсы салған санкциялары Ресейдің барлық компаниялары, оның ішінде "Лукойл", "Газпром" және "Роснефть" компанияларына әсер етіп отырғанын айтты.
Алекперов барлық компаниялардың "несие рейтингінен айырылып, қор нарығына кіруде қиындықтарға тап болғанын" айтады. Оның сөзінше, "Лукойл" жұмыс істесетін банктер компанияның рейтингі күзде көтерілуі мүмкін екенін айтып, әлемдік қор нарықтарына акцияларын шығару жоспарын кейінге қалдыра тұруға кеңес берген.
Бірақ Вагит Алекперов батыс елдерінің санкциялары "Лукойлдың" Еуропадағы немесе АҚШ-тағы қызметіне "ешқандай қысым" жасамаған.
Бұған дейін "Газпром", "Росатом" компанияларының басшылары санкциялар компнаия қызметіне әсер етпейді деп мәлімдеген.