Accessibility links

Солтүстік Корея жаңа зымыранын сынады


Солтүстік Корея зымыраны. (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея зымыраны. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея 27 маусым күні қашықтан басқарылатын жаңа зымыранын сынақтан өткізгенін хабарлады.

Ресми "Корея" орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зымыранды сынақтан өткізуге президент Ким Чен Ын қатысқан. Бірақ сынақтың қашан және қайда жасалғаны айтылмады.

26 маусым күні Оңтүстік Корея территориясындағы суларға қарай Солтүстік Кореяның қысқа қашықтыққа ұшатын үш снаряд атқанын хабарлаған.

Солтүстік Корея өткен айда Оңтүстік Корея президентін "жезөкше" деп айыптап, доқ көрсеткен. Ал Оңтүстік Корея "Пхеньян тарапынан арандатушылық әрекет болса қатаң соққы берілетінін" ескерткен.

XS
SM
MD
LG