Үндістанның Андхра Прадеш штатында 27 маусым күні таңертең газ құбыры желісі бойында жарылыс болып, 13 адам қаза тапты.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарылыстан соң үлкен өрт болған. Құбыр маңындағы аудандардың тұрғындары басқа жаққа эвакуацияланған.
Құбыр желісінің Үндістанның мемлекеттік GAIL компаниясына қарайтындығы хабарланған.